Түркістан облысы мен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

Қазақстандық сейсмологтар Түркістан облысында жер дүмпулерін тіркеді. Есептік мәліметтерге сәйкес, жерасты толқындарының күші 2 балды құраған. Бұл туралы 3 қарашаға қараған түні Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 3 қарашада сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелген.
Зілзаланың эпицентрі Алматыдан 1079 шақырым оңтүстік-батысқа қарай, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің тереңдігі – 120 шақырым, магнитудасы – 6,2, ал энергетикалық класы – 14,2 болған.
Түркістан облысында жер дүмпулері төмендегідей деңгейде сезілген:
- Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті – 2 балл;
- Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл;
- Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.
Кейін ҚР ТЖМ жерасты дүмпулері Шымкент қаласында да сезілгенін, олардың да күші 2 балл болғанын хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.