Жаңалықтар

Түркістан облысы мен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

Алматинцы не почувствовали утреннее землетрясение
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық сейсмологтар Түркістан облысында жер дүмпулерін тіркеді. Есептік мәліметтерге сәйкес, жерасты толқындарының күші 2 балды құраған. Бұл туралы 3 қарашаға қараған түні Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 3 қарашада сағат 01:29-да  жер сілкінісі тіркелген.

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан 1079 шақырым оңтүстік-батысқа қарай, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің тереңдігі – 120 шақырым, магнитудасы – 6,2, ал энергетикалық класы – 14,2 болған.

Түркістан облысында жер дүмпулері төмендегідей деңгейде сезілген:

  • Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті – 2 балл;
  • Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл;
  • Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.

Кейін ҚР ТЖМ жерасты дүмпулері Шымкент қаласында да сезілгенін, олардың да күші 2 балл болғанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.