Ауғанстандағы жер сілкінісінен құрбан болғандар көбейді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: Omid Haqjoo/AP

Ауғанстанның ірі қалаларының бірі Мазари-Шарифте болған жер сілкінісінен кейін, құрбандар саны өсе түсті. «Талибан» үкіметінің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Шарафат Заман Амар дерегінше, 20 адам қайтыс болды. 320-дан астам адам жарақат алды.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Мазари-Шариф қаласының халқы шамамен 500 мың адамды құрайды. Билік өңірде «қызғылт сары» деңгейдегі қауіп ескертуін жариялады. Бұл адам шығыны әлі де көбеюі мүмкін дегенді білдіреді.

3 қарашаға қараған түні Ауғанстанның солтүстігіндегі магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болды. Бастапқыда билік жеті адам қайтыс болып, 150 адам жарақат алды деп хабарлаған. Жерасты дүмпулері Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Пәкістан аумақтарында да және Қазақстанның оңтүстік өңіріне де сезілді.

Сондай-ақ оқыңыз