Банктердің таза пайдасы 2 трлн теңгеден асты: 60%-ы 3 ірі ойыншыға тиесілі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Банк активі
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылғы 1 қазанға дейінгі деректер бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 67,0 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте ссудалық портфельдің көлемі 41,6 трлн теңгені, ал жиынтық таза пайдасы 2,05 трлн теңгені құрады.

Таза пайданың 60%-ы ірі ойыншыларға тиесілі

Halyk Bank жыл басынан бері 727,2 млрд теңге таза пайда тапқан. Банк нарықтағы үлесін сақтап қана қоймай, өткен аймен салыстырғанда табысын арттырған санаулы институттардың бірі. Міндеттемелері 16,5 трлн теңге болса, ал жеке тұлғалар салымдары 7,5 трлн теңге.

Kaspi Bank те жоғары нәтижесін жалғастырды: таза пайдасы 422,6 млрд теңгеге, активтері 8,7 трлн теңгеге жетті. Бұл банк бөлшек нарықтағы несие мен төлем қызметтерінен негізгі табыс алып отыр.

Үшінші орында – Банк ЦентрКредит (196,5 млрд теңге таза пайда, активтері 7,9 трлн теңге). Ол корпоративтік және ШОБ клиенттеріне берілген кредиттер арқылы табыстылығын арттырды.

Орташа өсім көрсеткендер

Отбасы банк, ForteBank, Altyn Bank және Еуразиялық банк те оң нәтиже көрсетті. Мысалы, Отбасы банк таза табысын 76,4 млрд теңгеге дейін жеткізіп, тұрғын үй несиелеу бағдарламалары бойынша белсенділігін арттырды. Ал ForteBank пен Еуразиялық банк тиісінше 121,2 және 41,0 млрд теңге табыс тапты. Ал коммерциялық Банк БиЭнКей банкі ның шығыны шамамен 0,4 млрд теңгені құрйды.

Соңғы айда банктердің басым бөлігі активтерін және несие портфель көлемін арттырғанымен, нарықтағы табыстылық біркелкі емес. Көшбасшылар арасындағы айырмашылық айқын: үш ірі банк (Halyk, Kaspi, BCC) жиынтық табыстың 60%-дан астамын қалыптастырды.

Қазіргі кезде Қазақтанда 23 банк жұмыс істейді. Биыл екі микроқаржы ұйымы банкке айналды. Маусымда BNK Finance Kazakhstan реттеушіден рұқсат алса, ал KMF микроқаржы ұйымы тамызда банк лицензиясын алды. 

Сондай-ақ оқыңыз