Бір айда тіркелген 83 жемқорлық фактісінің көбі – пара беру мен алу

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазан айында пара алу фактілерінің күрт өскенін анықтады. Бір ай ішінде 26 азамат пара алып, заңсыз ақшаны қалтаға басқан.

Құзырлы орган қазан айында барлығы 83 құқықбұзушылықты тіркеген. Оның ішінде:

  • сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таржыға салу бойынша 12 дерек,
  • алаяқтықтың 16 жағдайы,
  • лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану бойынша 2 жағдай,
  • билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану – 3 дерек,
  • парақорлыққа делдал болудың 4 фактісі анықталған.

Пара беріп, пара алған…

Сондай-ақ пара беру бойынша 11, пара алу бойынша 26 дерек тіркелді. ҰҚК есебіне сәйкес, осы екі көрсеткіш қазан айында күрт өскен. Салыстырмалы түрде алсақ, қыркүйекте пара берудің 5, ал пара алудың 5 дерегі тіркелген. Тамызда 18 және 17 жағдай, шілдеде 4-5 дерек болған.

Сондай-ақ қазан айында ведомство сотқа 54 қылмыстық іс бойынша материал жолдады:

  • 147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) – 1;
  • 189-бап (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденe немесе талан-таражға салу)–1;
  • 190-бап (алаяқтық) – 17;
  • 366-бап (пара алу) – 19;
  • 367-бап (пара беру) – 11;
  • 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 5.
Сондай-ақ оқыңыз