Банк пен қаржы

Forte Bank-ке Home Credit Bank пен HomeITTech-ті сатып алуға рұқсат берілді

Фото: kz.kursiv.media архиві

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «ForteBank» акционерлік қоғамына «Home Credit Bank» пен банк экожүйесіне қызмет көрсететін технологиялық компания – «HomeITTech» ұйымдарын еншілес компания ретінде сатып алуға ресми рұқсат берді.

ForteBank басқарма төрағасы Талғат Қуанышевтың айтуынша, алынған рұқсат мәмілені толық аяқтауға жол ашады.

«Бұл келісім екі банк үшін де тиімді болмақ. ForteBank өз технологиялық әлеуетін арттырып, нарықтағы орнын бекітеді, ал Home Credit Bank қаржылық тұрақтылығын күшейтіп, жаңа даму мүмкіндіктерін ашады», – деді ол.

«Home Credit Bank» әдеттегідей жұмысын жалғастыра береді. Клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер толық орындалып, қызметтер мен өнімдер бұрынғы шарттарда қолжетімді болып қалады.

Айта кетейік, 2025 жылдың маусым айында «ForteBank» пен «Home Credit Bank» (Қазақстан) арасында Home Credit Bank (Қазақстан) АҚ-ның 100 пайыз акциясын сатып алу жөнінде қағидатты келісім жасалған еді. Бұған дейін ForteBank пен Home Credit Bank бірігу процесі тағы да кейінге қалдырылғанын жазғанбыз.