Нұрлан имам көзге шөп салған адамды қалай кешіру керек екенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Нұрлан имам көзіңе шөп салған адамды кешіру үшін тәкаппарлықты тастау қажет деп кеңес берді / фото: KursivMedia мұрағаты
Нұрлан имам көзге шөп салған адамды кешіру үшін тәкаппарлықты тастау қажет деп кеңес берді / фото: KursivMedia мұрағаты

Нұрлан имам көзге шөп салған адамды қалай кешіру керек екенін айтты. Ол мұны әлеуметтік желі арқылы оқырманның сауалына жауап бергенінде жеткізген.

«Көзге шөп салуды кешіру үшін кішкене тәкаппарлықты басу қажет. Алла Тағаладан біз пенде екенімізді түсінуіміз керек. Мейлі еркегіңнің, мейлі әйеліңнің адам екенін түсіну ләзім. Одан кейін оның жақсылығын көбірек ойлаған дұрыс. Содан кейін Аллаға табыстап үйреніңіз. Ең жақсысы осы», – деді Нұрлан имам.

Ал мүфтияттың сайтында зинаның үлкен күнә екені айтылған.

«Зина» сөзінің шариғи мағынасы бойынша ер немесе әйелдің некесіз бөгде біреумен төсек қатынасына түсуін меңзейді. Алла Тағала зинаның кез келген түріне, зина жасауға себеп болатын кез келген әрекетке, қадамға қатаң тыйым салған. Зинақорлық – мүміннің сипаты емес. Оны жасаған адам жазаға жолығады, қияметте де қатты азапталады», – деп ескерту жасалған.

Мұның алдында Нұрлан имам жасанды интеллектің дінге пайдасы жайлы айтып берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз