Өзбекстандағы инфляция деңгейі Қазақстанға қарағанда екі еседей аз

Жарияланды 3 Қараша 2025 16:13

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Өзбекстанда қазан айының қорытындысы бойынша инфляция 0,6% болды. Ал жылдық инфляция деңгейі 7,7% деп хабарлады елдің Ұлттық статистика комитеті.

Осылайша жылдық инфляция деңгейі 2016 жылғы мамырдан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсті. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш Өзбекстан Орталық банкінің 2025 жылға арналған 8%-дық инфляция болжамынан төмен.

Қазан айында елдегі азық-түлік тауарлары орта есеппен 0,9%-ға (бұрын 1,1%) қымбаттаған, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,4%-ға (0,7%), ал қызметтер – 0,3%-ға (0,8%) өскен. Бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 5,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,8%-ға, ал қызметтер 14,4%-ға қымбаттаған.

Жылдық инфляцияның ең жоғары деңгейі Ферғана облысында – 8,6%, Қарақалпақстанда – 8,2%, және Сырдария облысында – 8% тіркелген. Ташкент қаласында бұл көрсеткіш 7,7% болып, республикалық орташа деңгейге жақын болды.

Бүгін Қазақстандағы статистика комитеті де инфляция деңгейіне қатысты мәліметтерді жариялады. Қазан айында Қазақстандағы айлық инфляция деңгейі 0,5% болды. Ал жылдық деңгейде инфляция 2025 жылы қазанда 12,6% құрады. 

Сондай-ақ оқыңыз