Жаңалықтар

Павлодарда мектептің жанында жалаңаш жүрген адам ұсталды

гулял голым в Павлодаре
Павлодарда мектептің жанында жалаңаш жүрген адам ұсталды / Фото: kursiv.media/ Жасанды интеллект көмегімен жасалған

Павлодарда ер адам мектептің жанында жалаңаш жүрген. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнежазбаны Tipavlo Telegram арнасы жариялады.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам ұсталып, бөлімшеге жеткізілген.

Оны дәрігерлер тексеріп, одан кейін ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік іс қозғалып, іс сотқа жіберілді.

«Заңға сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған», — деп толықтырды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Астана қаласында сауда орталығында іш-киіммен жүгірген ер адамның 15 тәулікке қамалғанын жазған едік.