Қазақстанда 232 жаңа мектеп салынып жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда салынып жатқан 232 жаңа мектеп  үш ауысымды оқыту мәселесін шешеді / фото: KursivMedia мұрағаты
Қазақстанда салынып жатқан 232 жаңа мектеп үш ауысымды оқыту мәселесін шешеді / фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстанда 232 жаңа мектеп салынып жатыр. Білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына қарағанда,  бұл – Президенттің  тапсырмасы. Негізгі мақсат – үш ауысымды оқыту мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығы мен апатты мектептерді жою.

«Еліміздің өңірлерінде 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 157 мың оқушы орнына арналған 105 жаңа мектеп пайдалануға берілді», – делінген министрліктің хабарламасында.  

Айта кететін жайт, 135 мың оқушы орнына арналған 71 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған.

Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Ұлттық жоба шеңберінде жалпы 460 мың орынға арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланып отыр. Оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде бой көтеру үстінде. Жаңа форматтағы мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді.

Олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен. Техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төрт спорт залы қарастырылған.

Сонымен қатар шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп жаңғыртылып жатыр. Бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмыстары, жиһаздар жаңарту, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жаңғырту қарастырылған.

Мұның алдында мектептерде алғашқы әскери дайындық сағаты көбейетіні туралы жазған едік.

і

Сондай-ақ оқыңыз