
3 қарашада Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы бірден 4,4 теңгеге төмендеп, 525,2 теңге болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
KASE ақпаратына сүйенсек, сауда-саттық барысында доллардың ең төменгі бағамы – 525,03 теңгені, ең жоғары бағамы – 531,5 теңгені, орташа бағамы – 527,91 теңгені құрады. Сауда көлемі 327,1 млн долларды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, KASE сауда-саттығындағы доллардың орташа өлшенген бағамы 29 қазанда 5,4 теңгеге – 529,96 теңгеге дейін төмендеді. Бұл шілде айынан бері доллардың ең көп арзандауы.
Halyk Finance сарапшылары 2025 жылдың соңына қарай доллар бағамы 550 – 560 теңгеге жетеді, ал 2026 теңгеде бір доллар үшін 610 теңге болуы мүмкін деп болжаған. Басты себеп мұнай бағасының төмендеуі және Ұлттық қордан валюта сатылымының төмендеуі.
AERC болжамы бойынша 2026 жылы орташа жылдық бағам 551,36 теңге деңгейінде болады. Келер жылы мұнай бағасының төмендеуін және шикізат экспорттаушы елдердің валюталары үшін сыртқы қолдаудың әлсірейтінін көрсетеді.
2025 жылғы 30 шілдеде KASE сауда-саттығы барысында доллар бағамы 550 теңгеге дейін көтерілді. Бұл ұлттық валюта тарихындағы ең жоғары бағам болған. Валютаны сатып алудың ең жоғары бағасы 550 теңгені, ал ең төмен бағасы 542,50 теңгені құрады. Соңғы мәміле жарияланған кезде бір доллар үшін 549,66 теңге бағаммен жүргізілді.