Қыс ерте түседі: Қазгидромет қарашада -20°С-қа дейін аяз болатынын ескертті

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қарашада -20°С-қа дейін аяз күтілуде / Фото: kursiv.media архиві

«Қазгидромет» қараша айына консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Күздің соңғы айында қазақстандықтарды жиі жауын-шашын, боран мен құбылмалы ауа температурасы күтіп тұр.

Қарашада орташа температура климаттық нормадан 1°С-қа жоғары болады деп күтілуде, дегенмен қыстың лебі сезіле бастайды.

Қарашаның бірінші аптасы – циклон мен қар

Ай басында солтүстік циклонның әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, күшті жел мен көктайғақ болады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран соғады, ал батыс аймақтарда қарашаның алғашқы күндерінде жауын-шашын түседі.

Бірінші онкүндіктегі ауа температурасы:

  • Батыс өңірлер: түнде +2…+7°С-тан -2…-7°С-қа дейін, күндіз +3…+10°С, кей жерлерде +18°С-қа дейін жылы;
  • Солтүстік, орталық, шығыс: онкүндіктің ортасына қарай түнде -7…-15°С, күндіз -2…-10°С дейін суытады;
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыс: түнде 0…-5°С (таулы аймақтарда -13°С-қа дейін), күндіз +8°С-қа дейін, 7 қарашадан кейін +15°С-қа дейін жылынады.

Қараша айының екінші және үшінші онкүндігінде аяз болады

Қарашаның екінші онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын мен тұман күтіледі.

Температура:

  • Түнде 0…-5°С-тан -18°С-қа дейін;
  • Күндіз +5°С-тан -8°С-қа дейін ауытқиды.

Үшінші онкүндік – қарашаның ең суық кезеңі болады:

  • Түнде –15…-20°С дейін;
  • Күндіз -3…-10°С дейін төмендейді.

Батыс және оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 0°С-тан жоғары сақталады:

  • Түнде -3…-12°С-тен +7°С-қа дейін;
  • Күндіз +1…+6°С-тен +18°С-қа дейін.

Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда аяз күшейіп, түнде -15°С-қа дейін, күндіз -6°С-қа дейін суытады.

Жалпы қараша айында Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болады. Ал мына өңірлерде нормадан жоғары болады:

  • Солтүстік Қазақстан,
  • Ақмола,
  • Шығыс Қазақстан,
  • Павлодар,
  • Батыс Қазақстан,
  • Атырау облысының батысы,
  • Маңғыстау облысы,
  • Қостанай облысының солтүстік-шығысы.

Айта кетейік бүгін, 3 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде көктайғақ пен боран болады. 

Сондай-ақ оқыңыз