Қарызы бар азаматтар туралы дерек салық мекемелеріне жіберіледі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Несие бюролары микроқажы ұйымдары (МҚҰ) мен коллекторларға қарызы бар азаматтар туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жолдап отырады. Бұл талап Қаржы министрлігі бекіткен жаңа ережелерге енгізілді. Ереже 2025 жылдың 10 қарашасынан 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

Құжатқа сәйкес, МКК жыл сайын азаматтардың активтері, міндеттемелері, табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруы тиіс адамдардың тізімін жасайды. Бұл тізім есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша құрылады және келесі жылдың 25 қарашасына дейін дайын болуы керек.

Одан кейін салық комитеті осы тізімді «Smart Data Finance» жүйесі арқылы кредит бюросына жібереді. Бұл процесс 10 күннің ішінде жүзеге асырылады.

Несие бюролар өз кезегінде осы азаматтардың кредит есебіне қарап, олардың микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға берешегі бар-жоғын анықтайды. Осы деректерді олар МКК-ға тағы 10 күннің ішінде қайтарады.

Мұндай жүйе азаматтардың нақты қарызы мен қаржы міндеттемелерін анық көрсетуге көмектеседі. Сонымен қатар салық комитетіне халықтың қарыз жүктемесі туралы нақты әрі өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қазақстанның бай бизнесмендері миллиардтаған салық қарызын төлемей жүргені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз