Тұрсынбек Қабатов балаларын блоктағанын жоққа шығарды

Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін, балаларын блоктағанын жоққа шығарып жазба қалдырды.
Ол балаларын жақсы көретінін айтты.
«Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін. Мен балаларыммен біргемін. Жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім. Әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Десе де, Мөлдір Мұқанованың ашық сұхбатын қоғам қызу талқылап жатыр. Әлеуметтік желілерде әзілкештің бірнеше парақшасы бар. Онда қолданушылар Тұрсынбек Қабатовты жерден алып, жерге салып жатқаны көрінеді.
«Балаларыңды ойламайсың ба?», «Жек көріп кеттім. Қандай жиіркенішті», «Халықтың бетіне қалай қарайсың?» деген айыптау мен пікірден аяқ алып жүргісіз.
Мұның алдында Мөлдір Мұқанова танымал әзілкешпен қалай ажырасқаны туралы егжей-тегжейлі айтып берген еді.