Ұлттық араздықты қоздырған блогер Алика жазасын екі жылдан кейін өтейтін болды

Блогер Алика Мұхамадиева үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен жазасын екі жылдан кейін өтейтін болды. Бұл туралы Қарағанды облысы соттарының баспасөз қызметі хабарлады.
Мұхамадиева қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.
Блогер Threads әлеуметтік желісінде қазақтар мен мұсылмандарға қатысты теріс пікірлер жазғаннан кейін танымал болған. Оның жазбалары көпшіліктің ашуын тудырып, көп ұзамай блогер елден қашпақ болған кезде ұсталған.
Сот үкімі
Сотта 2025 жылдың жазында блогердің «Threads» әлеуметтік желісінде сараптама қорытындысы бойынша ұлттық және діни араздық пен өшпенділікке қатысты сөздер жазғаны анықталды.
Прокурор оны 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, кінәлінің кәмелетке толмаған баласының бар екенін ескере отырып, жазаны 4 жылға кейінге қалдыруды сұрады.
Үкім шығарарда сот сотталушының 2 жастағы кішкентай баласының барын, кінәсін толық мойындағанын және жасаған ісіне өкінгенін ескерген.