Иран Каспий жағасында АЭС салып жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Иран атом электр станциясы АЭС Каспий теңізі Ресей Мәскеу
Фото: shutterstock

Иран Каспий теңізі жағалауында Атом электр станциясын (АЭС) салып жатыр. Құрылыс елдің солтүстігіндегі Гүлістан провинциясында басталды. Бұл туралы Иран атом энергиясы агенттігінің басшысы Мохаммад Эслами айтты.

Шенеунік бір емес, бірнеше АЭС жобасы туралы жариялады. Эсламидің айтуынша, Тегеран мен Мәскеу сегіз жаңа АЭС-ті бірлесіп салу жөнінде келісімге отырды. Олардың төртеу Парсы шығанағындағы Бушир портында, қалғаны басқа жерлерде салынады. Құрылыстың нақтай қай аймақта басталатынын билік кейінірек хабарлайды.

Иранның Гүлістан провинциясы Түркіменстанның Балқан өңірімен шекаралас орналасқан. Сол себепті мұнда түркімендер көп тұрады. Түркімен тілі – осы өңірде ресми тіл. Өңір Каспий теңізімен де шектеседі.

Эсламидің айтуынша, жаңа атом станциялары елдің өндіріс қуатын 20 мың мегаватқа жеткізеді. Соның көмегімен Тегеран елдің ішкі сұранысын толық өтеуді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда салынатын үш АЭС құрылысының бірін Ресейге сеніп тапсырғаны мәлім. «Росатом» сонымен бірге Түркия мен Өзбестанда да атом станциясы құрылысын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз