Мальдив аралдары 18-ге толмағандарға темекі шегуге заңмен тыйым салды

Мальдив Республикасы темекіге қатысты қатаң шара қабылдап, жасөспірімдер үшін темекі шегуге және сатуға толық тыйым салған әлемдегі алғашқы ел болды. Енді ел аумағында 2007 жылдың 1 қаңтарынан кейін туғандар, соның ішінде туристер де, темекі өнімдерін сатып ала алмайды немесе шеге алмайды.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл әрекетін «жас ұрпақты темекі зиянынан қорғауға бағытталған» деп түсіндіреді.
Жаңа ереже барлық темекі өніміне қатысты және сатушылар сатып алушылардың жасын міндетті түрде тексеруге тиіс. Министрлік бұл шешімнің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі Рамалық конвенциясына сәйкес қабылданғанын хабарлады.
БҰҰ-ның Денсаулық сақтау ұйымы аталған конвенцияны «темекі шегу індетіне жаһандық деңгейде жауап берудің тиімді тетігі» деп сипаттайды.
Бұған дейін Қырғызстанда темекі шегуге қатысты жаңа тыйым енгізбек болған. ҰҚМК басшысы Қамшыбек Ташиев мектеп директорлары алкоголь ішетін, темекі шегетін мұғалімдерді жұмысқа алмау керек деп тапсырған.