
Мөлдір Мұқановаға лотерея ойнатқаны үшін 600 000 теңгеге жуық айыппұл салынды. Заң бұзған 89 адамның ішінде оның да аты аталып отыр.
2025 жылы лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған құқық бұзушылардың тізімі жарияланды. Оны Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті ұсынған.
Ұтыс ұйымдастырғандар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.
Бұл жайт азаматтардың шағымдары мен мониторинг барысында анықталып отыр. Заң бұзғандардың ішінде танымал кәсіпкерлер, үлкен аудиториясы бар блогерлер де кездеседі.
Moldir.mt аккаунты бар Мөлдір Мұқанованың 2,3 млн оқырманы бар. Ол қазанда 589 800 теңге көлемінде (150 АЕК) айыппұл төледі.
Айта кететін жайт, елде лотерея ойынын тек лицензиясы бар оператор ғана өткізуі тиіс.
Мұның алдында Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекпен ажырасқанын айтқан болатын.