Неге Алматы мен Астанадан басқа өңірлерде Comfort такси аз

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Жітіқара соты такси жүргізушісіне айыппұл салды / фото: KursivMedia мұрағаты
Comfort такси неге аз / фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстанда такси нарығы аймақтар бойынша біркелкі дамып жатқан жоқ. Егер Алматы мен Астанада Comfortжәне Comfort+ санатындағы көліктерді оңай табуға болса, басқа өңірлерде мұндай қызмет түрі сирек кездеседі. Оның себебін Forum Taxi Kazakhstan форумында Қазақстан Автомобиль одағы президенті Анар Мақашева түсіндірді.

Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, еліміздегі автопарктің басым бөлігі ескі көліктерден тұрады. Қазақстанда 5,8 млн автомобиль тіркелген, оның ішінде жеңіл көліктердің 60%-дан астамының шыққанына 10 жылдан асса, ал 40%-ының шыққанына – 20 жылдан асқан. Яғни заманауи стандарттарға сай жаңа көліктер жетіспейді.

«Кезінде утиль алымы мен алғашқы тіркеуден босату жеңілдіктерін пайдаланып, елге кез келген көлікті әкелуге мүмкіндік болды. Соның салдарынан қазір өңірлерде автопарк ескіріп кеткен», – деді Мақашева.

Тағы бір себеп – Comfort және Comfort+ санатындағы таксилерге қойылатын талаптар жоғары. Көліктің жылы болуы, жайлылығы, қауіпсіздігі мен техникалық жағдайы ерекше мәнге ие. Көптеген аймақтарда мұндай көліктер аз болғандықтан, бұл категориядағы таксилер мүлде жоқ немесе өте аз.

«Алматы мен Астанада жағдай басқа. Мұнда халық тығыз, табыс жоғары, сұраныс көп. Сондықтан компаниялар үшін жайлы такси қызметін дамыту тиімді», – дейді сарапшы.

Спикердің сөзінше, соңғы уақытта Comfort+ санатындағы көліктердің көбі электромобильдерге ауыса бастаған. Ол экологиялық жағынан тиімді болуы, тез жетуі артықшылыққа ие деп түсіндіреді Автомобиль одағы президенті.

Сондай-ақ оқыңыз