
Қарағанды облысында «Үміт Самғау» қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) хабарлады.
Құзырлы мекеменің мәліметінше, компания «жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы» түрінде жасырынған.
«Азаматтарға салған қаражатының 300%-дан 800%-ға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде беріліп, әртүрлі «салым түрлері» ұсынылған», – делінген ҚМА мәліметінде.
Қаржы пирамидасын құрушылар «салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатынын» айтқан. Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызметтен , жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген.
«Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары «дропперлер» ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банктік карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған».
ҚМА мәліметінше, қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 млн теңгеден асқан.
Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды. Тергеу жүріп жатыр.