Қазақстан медианды жас жағынан көрші елдерді басып озды

Қазақстан өз аймағында медианды жас жағынан көрші елдердің алдында келе жатыр.
АҚШ ОББ-ның (ЦРУ) The World FactBook мәліметтері бойынша, 2024 жылы халықтың орташа жасы Нигерде 15,2 жастан Монакода 56,9 жасқа дейін өзгерген. Медианалық жас популяцияның жас бойынша таралуының орташа нүктесін өлшейді. Басқаша айтқанда, бұл адамдардың жартысы жас, ал жартысы үлкен деген сөз. Әлемдік халықтың медианалық жасы 30,9 жасты құрады, рейтинг барлығы 229 ел мен аумақты қамтыған.
Әлемдегі ең жас аймақ – Африка. Құрлықтсағы 21 елде халықтың орташа жасы 20 жасқа толмаған. Халықтың орташа жасы әлемдегі ең аз мемлекеттерге Уганда (16,2 жас), Ангола (16,3 жас), Мали (16,4 жас) және Чад (16,7 жас) кірді.
Мұндай демографиялық құрылым жоғары туу коэффициентін және балалардың өмір сүру деңгейінің жақсарғанын көрсетеді, сонымен бірге жұмыспен қамту және білім беру саласындағы болашақ қиындықтар туралы сигнал береді.
Рейтингтің екінші жағында Еуропа мен Шығыс Азия орналасқан, мұнда медианалық жас әлемде ең үлкен саналады. Еуропаның ең «ескі» елдеріне Монако, Францияның шетелдегі территориялары Сен-Пьер және Микелон (51,2 жас) және Сент-Бартелеми (47,4 жас), Андорра (48,8 Жас), Италия (48,4 жас), Испания (46,8 жас) және Германия (46,8 жас) енеді. Ал ең «жас»Азия мемлекеттері – Жапония (49,9 жас) және Қытай Гонконгы (47,2 жас). Еуропа мен Азиядағы халықтың қартаюы жұмыс күшінің қысқаруына және тәуелділік коэффициенттерінің өсуіне апарып соғады. Бұл қазірдің өзінде денсаулық сақтау және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне қысымды күшейтіп келеді. Болашақта аймақ үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық сын-тегеурін болуы мүмкін.
Медианалық жас көрсеткішімен Қазақстан 31,9 жасымен рейтингте 109-шы орынды иеленді. Бұл Парагвай (31,8 жыл), Малайзия (31,8 жыл) және Мальдив аралдары (31,9 жыл) сияқты мемлекеттермен деңгейлес. Сонымен бірге көршілес Ресейден (41,9 жыл) және Еуропаның көптеген елдерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл ретте Орталық Азия мемлекеттері арасында Қазақстан халықтың неғұрлым «ересек» құрылымына ие. Салыстырар болсақ, Түрікменстанда медианалық жас 31,2 жасты, Өзбекстанда – 28,9 жасты, Қырғызстанда – 28,3 жасты, Тәжікстанда – 22,8 жасты құрайды. Бұл бала туудың төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының өсуі аясында Қазақстанда халқының біртіндеп қартайып баар жатқанын көрсетеді.
Әлемдік стандарт бойынша Қазақстан — халқының жасы орта деңгейдегі ел. Ел демографиялық «бонус» кезеңі мен экономикалық дамыған мемлекеттерге тән қартаю сатысының арасындағы өтпелі кезеңде тұр.
Қазақстанның көрсеткіші
2024 жылы туған кездегі орташа өмір сүру ұзақтығының әлемдік деңгейі АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) дайындаған The World FactBook деректері бойынша 73,4 жылды құрады.
Ең жоғары көрсеткіштер өмір сүру деңгейі жоғары дамыған елдер мен шағын аумақтарда тіркелген – Монакода (89,8 жыл), Сингапурда (86,7 жыл), Қытайдың Макао арнайы әкімшілік ауданында (85,3 жыл) және Жапонияда (85,2 жыл). Бұл елдердегі ұзақ өмір сүру деңгейі медициналық көмектің сапасы, дұрыс тамақтану және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің дамуы арқылы түсіндіріледі.
Бұл жағдай медициналық қызметтің төмен сапасын және жұқпалы аурулар мен кедейлік салдарынан болатын өлім-жітімнің жоғары қаупін көрсетеді.
Әлем бойынша ең төмен өмір сүру ұзақтығы Ауғанстанда тіркелген – бар болғаны 54,4 жыл.
Қазақстан көрсеткіші бойынша (73,3 жыл) дүниежүзінде 151-орынды иеленіп, Гондурас (73,1 жыл) пен Солтүстік Кореяның (73,5 жыл) аралығында орналасқан, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің басым бөлігінен жоғары нәтиже көрсеткен.
Аймақтағы ең жоғары көрсеткіш Өзбекстанға (76,2 жыл) тиесілі болса, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан 71,9–72,9 жыл аралығында болды. Ал көрші Ресей 72,3 жылдық көрсеткішпен 164-орынға жайғасты. Осылайша, Қазақстан әлемдік өлшем бойынша орташа өмір сүру ұзақтығы бар елдер қатарына жатады. Елдің бұл көрсеткіші жаһандық деңгейге біртіндеп жақындағанымен, Еуропа мен Азияның дамыған мемлекеттерінен әлі де едәуір артта қалып отыр.