Қазақстанда халықтың жартысы айына 300 мың теңгеден аз алады
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа жалақы 405 416 теңге болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,3% өсім көрсетті. Инфляцияны есепке алғанда, нақты өсім 2,4% деп бағаланады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жазды.
Бюро мәліметіне сәйкес, кейінгі бес жылда ерлерден гөрі әйелдердің жалақы қарқыны өскен.
Негізгі көрсеткіштер
ҰСБ деректері бойынша Қазақстандағы жұмысшылардың жартысынан көбі (53,7%) айына 300 мың теңгеден жоғары алады:
- 300–500 мың теңге – 1 миллионнан астам адам;
- 200–300 мың теңге – 724 мың адам;
- 100–200 мың теңге – 711 мың адам;
- 500–700 мың теңге – 406 мың адам;
- 700–900 мың теңге – 125 мың адам;
- 100 мың теңгеден төмен – тек 3,3% адам.
Бұл деректер Қазақстандағы табыстың орташа деңгейін және экономикалық әртүрлілікті көрсетеді.
Медианалық жалақы
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы медианалық жалақы – 317 512 теңге. Бұл халықтың жартысы осы сомадан аз табыс табатынын білдіреді.
Айта кетейік, бұған дейін өткен жылмен салыстырғанда медианалық жалақы 11,1%-ға өскенін, 2024 жылы ол 285 677 теңге болғанын жазғанбыз.