Жаңалықтар

Қазақстанда халықтың жартысы айына 300 мың теңгеден аз алады

еңбек адамдарының еңбекақысын

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа жалақы 405 416 теңге болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,3% өсім көрсетті. Инфляцияны есепке алғанда, нақты өсім 2,4% деп бағаланады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жазды.

Бюро мәліметіне сәйкес, кейінгі бес жылда ерлерден гөрі әйелдердің жалақы қарқыны өскен.

Негізгі көрсеткіштер

ҰСБ деректері бойынша Қазақстандағы жұмысшылардың жартысынан көбі (53,7%) айына 300 мың теңгеден жоғары алады:

  • 300–500 мың теңге – 1 миллионнан астам адам;
  • 200–300 мың теңге – 724 мың адам;
  • 100–200 мың теңге – 711 мың адам;
  • 500–700 мың теңге – 406 мың адам;
  • 700–900 мың теңге – 125 мың адам;
  • 100 мың теңгеден төмен – тек 3,3% адам.

Бұл деректер Қазақстандағы табыстың орташа деңгейін және экономикалық әртүрлілікті көрсетеді.

Медианалық жалақы

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы медианалық жалақы – 317 512 теңге. Бұл халықтың жартысы осы сомадан аз табыс табатынын білдіреді.

Айта кетейік, бұған дейін өткен жылмен салыстырғанда медианалық жалақы 11,1%-ға өскенін, 2024 жылы ол 285 677 теңге болғанын жазғанбыз.