Қытайда ұшатын көлік өндірісі басталды: Қазақстанға қашан жетеді

Қытайда ұшатын автокөлік өндірісі басталды. XPeng Aridge компаниясы Land Aircraft Carrier автомобилінің алғашқы модулін құрастырып қойды. Бұл туралы Xinhua хабарлады.
Әр 30 минут сайын бір ұшатын көлік
Агенттіктің мәліметінше, жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді алып жатқан үлкен зауыт Гуандун провинциясының орталығы – Гуанчжоу қаласында орналасқан. 3 қараша, дүйсенбі күні мұнда XPENG автокомпаниясына еншілес XPENG AEROHT ұшатын көлік өндірісін бастап кетті.
Зауытта бір жылда 10 мың Land Aircraft Carrier ұша алатын автомобиль шығарады. Өндіріс қуаты артқан уақытта, мұнда әр 30 минут сайын бір ұшатын көлік құрастырылады.
Компанияның мәліметінше, қазірдің өзінде XPENG AEROHT 5 мың көлікке тапсырыс алып үлгерген. Жаппай өндіріс 2026 жылға жоспарланған.
Ұшатын көлік сипаты
Электромобиль ұзындығы шамамен 5,5 метр. Онымен кәдімгі жолда, көлік жүргізу куәлігімен ұша беруге, басқа да көліктердің тұрағына қоюға болады.
Автомобильдің құрлықта жүретін көліктердікіндей алты дөңгелегі бар. Оны автоматпен, қолмен де басқаруға болады. Тетікті бір мәрте басу арқылы ұшып, қонада аласыз.
Бұған дейін Kursiv.Media қытай компаниясы ұшатын көлігін Дубайда таныстырғаны туралы жазған. Таяу Шығыстағы елдер 600 ұшатын таксиге тапсырыс беріп үлгерген. Сол кезде ұшатын автомобиль джойстикпен басқарылатыны айтылған. Оған автоматтты ұшу жүйесі орнатылған. Мұндай көлік қытай нарығында кем дегенде 270 мың доллар тұрады.
Қазақстанға қашан жетеді
Қытай жақын болғандықтан, көрші елде дайындалатын инновациялық өнімдер елге тез жетеді. Алайда жаппай өндіріс 2026 жылы ғана басталатынын ескерсек, бастапқыда қытай компаниясы алдын ала тапсырыстарды орындайды.
Зауыттың өндіріс қуаты артып, ашық саудаға түскен уақытта, Қазақстанға да келіп қалуы мүмкін. Бірақ оған дейін тағы бір-екі жыл өтіп кетеді. Осының бәрін ескерсек, ұшатын көлік елге 2026-2030 жылдар аралығында жетеді деуге негіз бар.