Жаңалықтар

Сауда мен қызмет көрсетуде іскерлік белсенділік өсіп келеді

Электронды сауда
Сауда мен қызмет көрсетуде іскерлік белсенділік өсіп келеді / Фото: shutterstock

Сауда, қызмет көрсету және өндіріс саласында іскерлік белсенділік әлі де өсіп келеді. Бұл туралы Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылдың қазан айында іскерлік белсенділік индексі 50,6 (қыркүйекте 50,9) болып сақталып отыр. Индексті өлшейтін индекатор наурыздан бері өсу аймағында тұр.

«Өндірісте, қызмет көрсету секторында және саудада белсенділік сақталғаны байқалады, онда индекс тиісінше 53,0, 50,6 және 50,28 (қыркүйекте – 52,9, 50,8 және 50,7) болып, өсу аясында қалды. Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіштер теріс аймақта тұр, тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш қыркүйектегі 49,4-тен қазанда 48,5-ке дейін аздап нашарлағаны байқалды. Құрылыста көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ – 49,5», – делінген хабарламада. 

Алайда келешекте бизнес жүргізу мүмкіндігі бағаланып, жағдай нашарлауы мүмкін екені анықталғандықтан, қазан айында бизнес-ахуал индексі төмендеп, 7,1 (қыркүйете – 10,1) балл болған.

Айта кетейік осыған дейін Freedom Holding Corp. және S&P Global деректеріне сәйкес, PMI индексі қыркүйектегі 49,2-ден 48,3-ке дейін түсіп, соңғы бес ай қатарынан іскерлік ахуалдың нашарлағанын көрсеткенін жазған едік. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың соңынан бергі ең төмен деңгей болып отыр.