Жаңалықтар

Үлгі алуға тұрарлық: күнде үш сағат тегін күн қуатын таратады

күн энергиясы электр қуаты панель
Фото: shutterstock

Австралия билігі күн сайын тұрғындарға кемі үш сағат тегін күн қуатын таратады. Үкімет игі жобаны 2026 жылдан бастап қолға алуды көздеп отыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.

4 қарашада осы елдің энергетика министрі Крис Боуэн Solar Sharer бағдарламасы таныстырды. Әзірге жоба Жаңа Оңтүстік Уэльс, Жаңа Австралия, сонымен бірге оңтүстік-шығыс Квинслендте іске асады. Сосын басқа да өңірлерге жайылады.

Түс кезінде елде орнатылған күн электр станцияларының қуат өндіруі артады. Үкімет дәл осы уақытта тұрғындарға тегін электр энергиясын таратады.

«Жасыл энергия туралы ұсынысты көп адам қабылдаса, қуат өндірісінің шығыны да азая түседі», – дейді Боуэн.

Австралияда шамамен төрт миллионға жуық үй шатырларына күн панельдерін орнатқан. Күн қатты ысыған уақытта қуат өндірісі де артып, энергияға шығын шықпайды.

Министр Боуэн 2030 жылға қарай жасыл қуат үлесін 82%-ға жеткізуді көздеп отыр.

Қазақстан электр қуатына сұранысты АЭС, жаңа ЖЭС салу арқылы шешкісі келеді. Елде сұраныс жылдан жылға артқанына қарамастан, жасыл энергия өндіру үлесі әлі өте төмен деңгейден көтеріле алмай келеді.