Әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм рыцарь атанды

Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы шабуылшысы Дэвид Бекхэм рыцарь атанды. Өзінің туған күніне орай атақ үлестірген III Карл футболшыға орденді өз қолымен тапсырды.
«Кеудемді мақтаныш кернейді. Отанымды қаншалықты қатты жақсы көретінімді жұрт біледі. Отбасым үшін монархия маңызды екенін үнемі айтып жүрем», – дейді жаңа рыцарь BBC телеарнасына.
Ұлыбритания үкіметі жариялаған шағын ақпаратта да Бекхэмнің жетістіктері туралы айтылған.
«Ол алты жыл бойы құраманың капитаны болды. Төрт елде чемпион атанған алғашқы ағылшын футболшысы», – деп сипаттады футболшыны жергілікті билік.
50 жастағы Дэвид Бекхэм – ең атақты ағылшын футболшысы. Ол 1996-2009 жылдар аралығында Англия сапында ойнады. Құрама жейдесімен 115 матч өткізіп, 17 гол соқты.