Жаңалықтар

АҚШ-тағы шатдаун мерзімі жаңа рекордт орнатты

АҚШ-тағы шатдаун мерзімі жаңа рекордт орнатты / Фото: Shutterstock

Бюджет бойынша шешімнің бекітілмей жатқаны салдарының АҚШ үкіметінің шатдауыны 36 күнге созылды. Бұл тарихи көрсеткіш болып отыр.

1 қазанда басталған АҚШ-тағы Үкімет шатдаун рекорд орнатты. Осыған дейінгі ең ұзақ шатдаун 35 күнге созылған. Ол Дональд Трамп президенттікке алғаш келген 2018 жылдың 22 желтоқсанында басталған.

Ол кезде Конгресстегі АҚШ Демократиялық партиясының өкілдері Трамптың АҚШ-Мексика шекарасында қабырға салуға 5,7 миллиард доллар бөлу туралы талабын қамтитын бюджет туралы заңды қолдаудан бас тартқан. Конгресс шекара қабырғасына қаражат бөлуден бас тартып, бюджет туралы заңды қабылдады, Трамп оған 2019 жылдың 25 қаңтарында қол қойып, қаржылық блокаданы аяқтады.

Ал қазіргі шатдаунның қашан аяқталатыны белгісіз. Президент, Сенат және Өкілдер Палатасы келесі жылға арналған бюджетке қатысты келісімге келе алмаған жағдайда Мемлекеттік мекемелердің жұмысы мен қаржыландыруының уақытша толық немесе ішінара тоқтатылуы шатдаун деп аталады.

Конгресстің бюджеттік кеңсесінің бағалауы бойынша, 2018-19 жылдардағы құлдырау елге 11 миллиард долларға жуық экономикалық шығын келтірген. АҚШ-тағы бюджеттік дағдарыс 1996 жылдың басында 22 күнге, 2013 жылы 16 күнге созылған.

Айта кетейік, осыған дейін шатдаун 7 мыңға жуық әуе рейсі уақытылы орындалмағанын жазған едік. Басты себеп саладағы көптеген мамандардың айлығын толық алмауында болған.