
5 қарашаға қараған түні Биткоин (BTC) 5025 жылғы мамырдан бері алғаш рет 100 мың доллардан төмен түсіп кетті. Ол бір тәулікте шамамен 10 мың долларға арзандады.
Сәрсенбі күні Bitcoin шамамен 5% құнын жоғалтып, кейінгі жарты жылда алғаш рет 100 мың доллардан төмен құлады. Алайда бірнеше сағатта қайта көтеріліп, маңызды межеден жоғары көтерілді. Қазір BTC шамамен 102 мың доллар көлемінде саудаланып жатыр.
Бұған дейін Биткоин қатты көтеріліп, қайта-қайта тарихи рекорд жаңартқан. Бір ай бұрын ғана – қазанның басында ол 125 мың доллар тұрған.
Әлемдегі ең қымбат криптовалютаның нарықтағы капиталы да айтарлықтай азайды. Қазір ол 2 трлн 39 млрд доллар тұрады.
Өткен айда Қазақстан биткоин өндіруге кететін электр энергиясы ең арзан 15 елдің қатарына кірген.
Bitcoin тарихы 2008 жылдан бастау алады. Сол жылы әлем қаржы дағдарысынан ес жия алмай жатқанда, Сатоши Накамото деген бүркеншік атпен танылған адам (немесе адамдар тобы) биткоин жүйесін сипаттайтын ғылыми мақаласын жариялады. 2009 жылы алғашқы биткоин транзакциясы өтіп, желі жұмысын бастады. Ол кезде бір биткоиннің бағасы небәрі 1 центке де жетпейтін еді. Бірақ арада он шақты жыл өтпей жатып, биткоин миллиондаған адамның назарын аудартты.