
Филиппин аралдары «Калмаэги» тайфунынан қатты зардап шекті. Табиғат апатынан кем дегенде 58 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters хабарлады. Тайфун Вьетнамға қарай ойысты.
5 қарашада Филиппиннің орталық бөлігіндегі Палаван аралын тайфун шайпап өтті. Қаза тапқандар арасында алты жауынгер бар. Олар мінген ұшақ Минданао аралында апатқа ұшырады.

Себу провинциясында теңіз суы кері қайтқанымен, оның орнында қираған үйлер, төңкерілген автокөліктер қалды. Төтенше жағдайлар агенттігі 13 адам із-түссіз жоғалғаны туралы мәлімет таратты. Бір ай бұрын ғана осы өңір 6,9 балдық жер сілкінісінен қатты зардап шеккен. Енді «Калмаэги» тайфунына тап болды. Жергілікті тұрғындар оны Тино деп атайды.
Метеорология қызметінің мәліметінше, тайфун құрлыққа шыққаннан кейін аздап күшін жоғалтқан. Бірақ ол Оңтүстік-Қытай теңізінде қайта күш алады. «Калмаэги» Вьетнамға қарай беттеп барады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Азия елдері «Кадзики» тайфунынан қатты зардап шеккен.