Жаңалықтар

Алты жыл бұрын болған Bek Air апатына марқұм екі ұшқыш кінәлі деп танылды

Bek Air ісі бойынша сот үкімі шықты/фото: shutterstock

Алматыда 2019 жылдың желтоқсанында болған Bek Air ұшағы апатына қатысты сот үкімі шықты.

Марқұм екі ұшқыш Марат Мұратбаев пен Миржан Молдақұлов 12 адам қайтыс болған апатқа кінәлі деп танылды.

Оларға қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып тағылған. Бұл бапта әуе көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдай көрсетілген.

«Марат Мұратбаев пен Миржан Молдақұлов Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын», – делінген сот үкімінде.

Екі ұшқыш қайтыс болған, соған байланысты жаза тағайындалмайтын болды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 178-бабының 10-бөлігіне сәйкес, күдікті немесе айыпталушы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері іс жүргізу шығындарын өтеуге міндетті емес. Осыған байланысты 1 757 700 теңге мөлшеріндегі іс жүргізу шығыны мемлекет есебіне қабылданды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Bek Air ұшағы құлады

2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыда Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырады. Алматыдан елордаға шыққан ұшақ таңғы 07:22 кезінде бетон қоршауды бұзып, екі қабатты құрылыс нысанына соқтығысқан. Әуе апаты салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам зардап шекті. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған.

Сотқа сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров та қатысты. Маманның айтуынша, ұшақ белгілі бір жылдамдықпен қозғалып келе жатып, жердегі кедергіге соғылған кезде инерциялық күш әсерінен экипаж бен жолаушылардың денесі алға қарай ығысып кеткен.

Ұшқыштың қызы Алина Молдақұл тергеу барысында жіберілген заңбұзушылықтар туралы айтып берді. Сөзінше, ұшқыш жансақтау бөлімінде жатқанда одан үш рет жауап алынған