Lifestyle

Индира Елемес түрмеде жатқан бұрынғы күйеуі үйін сатып жібергенін айтты

Индира Елемес үйдің түпнұсқа құжаттары өзінің қолында болғанын мәлімдеді / фото: KursivMedia мұрағаты
Индира Елемес үйдің түпнұсқа құжаттары өзінің қолында болғанын мәлімдеді / фото: KursivMedia мұрағаты

Индира Елемес түрмеде жатқан бұрынғы күйеуі үйін сатып жібергенін айтып, биліктен, құзырлы органдардан көмек сұрады.

Әншінің сөзіне қарағанда, бұл үйге бұрынғы күйеуінің ешқандай қатысы болмаған.

«Жүрегім қатты ауырады. Қалайша ту сыртымнан заңсыз сатып жібере алады? Оригинал құжаттар бәрі менің қолымда. Үй менің атымда. Сонда бізде заң жоқ па? Ең ауыры туған әкелері балаларын ойламай, үйді сатып жібергені. Ол үй оған мүлде тиесілі емес. Себебі мен үй алған кезде арамызда заңды неке болмаған! Қалайша түрмеде отырып, осындай махинациялар жасап отыр?», – деп таңырқайды Индира Елемес.

Индира Елеместің бұрынғы күйеуі Кәлелхан Иманмади Кәрім Мәсімовтің көмекшісі болған. Алексей Пучков есімді кәсіпкер оны алаяқтық жолмен ақша алды деп айыптаған еді.

Мұның алдында Әнші Индира Елемес жан-дүниесі нені қалайтынын айтып берген-ді.