Жаңалықтар

«Ол менің ұлым, жасырмаймын»: депутат Қырықбаев желідегі ақпаратқа пікір білдірді

Депутат Кырыкбаев подтвердил слухи о внебрачном сыне
Депутат некесіз ұлы бар деген ақпаратқа пікір білдірді / Фото: @mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергенмен қарым-қатынасы және одан ұлы бар деген қауесетке қатысты пікір білдірді.

Қырықбаев бұл тақырыпқа қатысты түрлі қауесетті бұрыннан естіп жүргенін айтады. Сондай-ақ, бұл әрекетті депутат ретіндегі беделін түсіруге бағытталған деп санайды.

«Депутаттық кресломды сыйға тартты деген де әңгіме тарап жатыр. Бұл миға қонымсыз әңгіме. Ол халықтың дауысымен сайланған. Өңірде сайлау коммиссиясы бар, солардан барып сұраса болады. Халыққа депутат болсын деп үгіт-насихат айтқан емеспін. Бірақ депутат болғаннан кейін танысқанмын»,- деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Депутаттық роман

Мәжілісмен Нұрайым Шақимерген оның тоқалы деген әңгімеге нақты жауап бермеді. Ондай сұрақ жеке өміріне қатысты екенін айтады.

«Ол тоқал ма, әлде басқа біреу ме – бұл менің жеке өміріме қатысты сұрақ. Жеке өмірім болғандықтан, отбасылық құндылықтарды сақтау үшін бұдан артық ештеңе айтпаймын. Балаға келсек — ол менің ұлым. Оған өз атымды бердім. Алланың алдында да, адамдардың алдында да жасырып отырған жоқпын», — деді депутат.

Фото Шақимерген парақшасынан / bairaqmedia.kz

Еске салайық, бұған дейін Нұрайым Шақимерген депутат Темір Қырықбаевпен және кішкентай баламен түскен бірнеше суретті жариялаған болатын.