Жаңалықтар

Ozon Қазақстан тауарды маркетплейс қоймасында сақтауға арналған шарттарды жақсартты

Маркетплейс FBO жүйесімен (тауарды Ozon қоймасынан сату) жұмыс істейтін кәсіпкерлерге арналған тарифтерді екі есе төмендетті. Бұл жеңілдік қазақстандық заңды тұлғамен келісімшарт жасаған сатушыларға қолданылады.

Енді Ozon Қазақстан қоймаларында тауарларын сақтайтын сатушылар (FBO жүйесі) шығындарын екі есеге азайта алады. Ол үшін кәсіпкерлер Ozon маркетплейсінің жергілікті серіктесі – «OZON Маркетплейс Казахстан» ЖШС-мен келісімшарт жасауы жеткілікті. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек өз қоймасымен жұмыс істейтін (FBS жүйесі) сатушыларға ғана берілген еді. Жаңа шарттар бойынша FBO сатушыларына Алматы мен Астанадағы Ozon фулфилмент-орталықтарында тауарды тегін сақтау мүмкіндігі ұсынылады.

FBO жүйесі бойынша жұмыс істеу қанша тұрады

Ozon Қазақстан енді FBO жүйесімен жұмыс істейтін немесе сол форматқа көшуді жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге де жеңілдетілген тарифтер енгізді. Енді сатылым үшін комиссия мөлшері тауар санатына байланысты 5%-дан 13%-ға дейін болады. Бұл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда шамамен екі есе төмен.

Логистика да қарапайым әрі тиімді бола түсті: бір тауарды жеткізу құны тауар көлемі мен бағасына қарай 212 теңгеден 3 050 теңгеге дейін есептеледі. Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Алматы мен Астанадағы Ozon қоймаларында тауар сақтау тегін болады. Сатып алушыға жеткізу, соңғы миля және эквайринг шығындары да бөлек есептелмейді. Бұл сатушылардың жалпы шығынын айтарлықтай азайтады.

Басқа да артықшылықтар

Қазақстандық заңды тұлғамен келісімшарт жасағаннан кейін FBO-сатушылары барлық есеп-қисапты теңгемен жүргізе алады. Баға, теңгерім, тариф және сатушының талдауы түгел осы валютамен есептеледі. Тек жалпы алаң талдауы бұрынғыдай рубльмен көрсетіледі.

Кәсіпкерлер үшін төлем жүйесі де әлдеқайда ыңғайлы болады. Сатушылар енді табысын әр апта сайын (бұрынғыдай айына екі рет емес) ең төменгі шексіз кез келген қазақстандық банк шотына шығара алады. Бұл кәсіпкерлерге қаржысын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Құжат айналымы да қазақстандық сатушылар үшін үйреншікті форматқа бейімделді.

«FBS сатушылары үшін жергілікті офертаны іске қосқаннан кейін, біз қазақстандық кәсіпкерлер тарапынан үлкен қызығушылықты байқадық. Сәтті бастама бұл мүмкіндіктерді FBО–ға да қолдану қажет екенін көрсетті. Енді кәсіпкерлер өздеріне қолайлы жүйені таңдап, кез келген жағдайда платформамен ынтымақтастықтың барлық артықшылығын пайдалана алады», – деп атап өтті Ozon Қазақстанның бас директоры Алексей Сапон.

Ozon Қазақстан — бас кеңсеcі Алматы қаласында орналасқан көпсанатты маркетплейс. Компания 2021 жылдан бері Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға белсенді инвестиция салып келеді және еліміздегі интернет-сауда саласындағы әлеуметтік маңызы жоғары бес компанияның қатарына кіреді. Ozon.kz сайтында кітаптар мен киімнен бастап азық-түлік пен тұрмыстық техникаға дейін 370 миллионнан астам тауар түрі ұсынылған. Платформада 80 мыңнан астам жергілікті сатушы өз бизнесін дамытып жатыр, ал маркетплейс қызметін белсенді түрде пайдаланушы қазақстандықтар саны 700 мыңнан асып жығылады. Компания республика аумағында 9 логистикалық орталықты басқарады, сондай-ақ тапсырыс беру пункттерінің желісін үнемі кеңейтіп келеді.