
Америкалық актриса Анджелина Джоли Украинаның Херсон қаласына барды. Бұл туралы украиналық Telegram-арналар мен мемлекеттік «Суспільне» телеарнасы хабарлады.
Джолидің сапарының нақты мақсаты әзірге жария етілген жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, ол медициналық мекемелерге барып, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездескен. Telegram-арналарда жарияланған суреттерде актрисаның жертөледе жасырынған балалармен сөйлесіп отырғаны көрінеді.
Ал тағы бір бейнежазбада Херсон әскери әкімшілігінің басшысы Ярослав Шанько Анджелина Джолиге қалаға арналған естелік медаль табыстайтыны көрсетілген.
Херсонға бара жатқан жолда актриса Николаев қаласындағы әскери жинақтау және әлеуметтік қолдау орталығына кірген. Украиналық «Политика Страны» басылымының және Одесса қаласының Telegram-арналарының мәліметінше, оның күзетшісін ұстап, әскерге жарамды екенін анықтаған. Сол жерде мобилизацияламақ болған. Бірақ бұған қатысты актрисаның өзі де, ресми органдар да нақты ақпарат таратпады.
Ол – БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігімен (UNHCR) тығыз байланысты, осы ұйымның арнаулы өкілі. 2001 жылдан бастап осы ұйыммен бірге жұмыс істейді, босқындар лагерлеріне барып, гуманитарлық көмек көрсету және босқындардың құқықтарын қорғау ісінде белсенді.Анджелина Джоли бұған дейін 2022 жылы да Украинаға келген.