Алаяқтарға дүре соғылады – Сингапур парламенті осындай заң қабылдады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алаяқтықпен айналысқандарға таяқпен 12 соққы жасалады / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай
Алаяқтықпен айналысқандарға таяқпен 12 соққы жасалады / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алаяқтар мен синдикат мүшелеріне дүре соғылады. Сингапур парламенті заңға осындай түзету енгізді.

Сhannelnewsasia ақпаратына қарағанда, бұдан былай бұл елде алаяқтарға, қылмыстық топ мүшелеріне 24 рет дүре соғу қарастыратын заң қабылдады.

Бұл түзетулер елдегі «ең кең тараған қылмыс түрінің» алдын алу мақсатында енгізілген. Соған сәйкес, алаяқтарға міндетті түрде таяқпен дүре соғу жазасы көрсетіліп отыр.

Қылмыстық құқық туралы заң жобасына сәйкес, алаяқтарды және адамдарды алаяқтық синдикаттарына тартатындарды немесе олардың жұмысына қатысатындарды 6-дан 24 соққыға дейін таяқпен ұрып жазаламақ.

Алаяқтықпен айналысқандарға да 12 соққыға дейін таяқпен соғу жазасы қарастырылған.

Дүре бұған дейін алаяқтық үшін қолданылып келген жазаларға қосымша шара болмақ.

Заңнама алаяқтық операцияларына қатысу деңгейін де ескереді.

Алаяқтарға SIM-карталар, Singpass деректері немесе төлем шоттары сияқты құралдарды беретін адамдар екі жағдайда таяқпен жазалануы мүмкін. Атап айтқанда, біріншісі – олар құралдардың алаяқтықта қолданылатынын білген немесе әдейі пайдалануға рұқсат бергенде. Екіншісі – құралдар рұқсатсыз алаяқтыққа қолданылғанымен, мұндай әрекетті болдырмау үшін қажетті шара қабылдамаған жағдайда.

Қазақстанда алаяқтарға алданғандардың несиесін енді банктер өтейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыз