Астанада боран, Алматыны тұман басады, Шымкентте күн ашық – 3 күнге ауа райы болжамы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жалпы, ауа температурасы жоғарылап, жылымық әкеледі / Фото: коллаж kursiv.media
Жалпы, ауа температурасы жоғарылап, жылымық әкеледі / Фото: коллаж kursiv.media

Синоптиктер 7, 8 және 9 қараша күндері Қазақстанда, соның ішінде Астана, Алматы мен Шымкенттегі ауа райы қандай болатынын айтты.

Астанадағы ауа райы

Қазгидрометтің ақпаратынша, 7 қараша – ауыспалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз шамамен 0°C.

8-9 қараша – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде де, күндіз де шамамен 0°C.

Алматыдағы ауа райы

7 қараша – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде – 6…– 8°C, күндіз – 0…+2°C.

8 қараша – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде – 0…–2°C, күндіз – +8…+10°C.

9 қараша – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде шамамен 0°C, күндіз – +9…+11°C.

Шымкент

Шымкентте күн жылы. Тек 7 қараша күні түнгі уақытта -2-4 °C нөлден төмен болады, күндіз ауа температурасы +11+13 °C дейін көтеріледі. Күн ашық. Аздап жел тұрады. Екпіні 5-13м/с аралығында болады деп күтіліп отыр.

Бұған дейін, Қазгидромет қарашада -20°С-қа дейін аяз болатынын ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз