Еуразиялық банк БҚДА айыптауын жоққа шығарды

Жарияланды 6 Қараша 2025 23:33

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Фарид Велиев

Фарид Велиев

Еуразиялық банк БҚДА айыптауын жоққа шығарды / Фото: Kursiv.Media, Дина Карамчакова

Еуразиялық банк автокредиттер бойынша КАСКО шарттарын ресімдеу кезінде жосықсыз бәсекелестікке жол бермеген. Яғни банктің монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұл туралы банк баспасөз қызметі Kursiv.Media тілшісіне хабарлады.

Банкте КАСКО сақтандыру шарттарымен де және онсыз даавтокредит алуға мүмкіндік беретін түрлі кредиттеу бағдарламалары бар екенін атап өтті.

«Бұл ретте Банктің клиенттері КАСКО-мен кредит беру бағдарламаларын таңдаған жағдайда сақтандыру компаниясын таңдау құқығын толық сақтайды. Банк клиенттер өз бетінше жасаған кез келген сақтандыру ұйымдарының КАСКО полистерін қабылдайды», – деп нақтылады қаржы ұйымы.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада БҚДА банк қызметінде жосықсыз бәсекелестік белгілерін тапқанын хабарлады.

Агенттіктің мәлімдемесіне сәйкес, клиенттер автокредитті ресімдеген кезде банк оларға КАСКО шартын банкпен байланысты «Еуразия СК» сақтандыру компаниясымен ғана жасасуды ұсынған (екеуі де «Еуразиялық қаржы компаниясына» тиесілі).

Сонымен қатар, БҚДА банктің өзі кінәні мойындағанын және жағдайды түзету үшін шаралар қабылдағанын атап өткен.

Еуразиялық банктің бас компаниясы «Еуразиялық қаржы компаниясы». Оған 33,3%-дан марқұм Александр Машкевич, Патох Шодиев және 2021 жылы қайтыс болған Алижан Ибрагимовтың жесірі – Мұқадасхан иелік етеді.

Сондай-ақ оқыңыз