
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылдың діни күндер кестесін жариялады.
Шариғат және пәтуа бөлімінің хабарлауынша, Ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт 20 наурызға түскен.
27-29 мамыр аралығы Құрбан айт деп бекітілген.

Миғраж түні 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түні, Бараат түні 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түнге түсіп тұр.
Айта кетейік, діни мерекелердің нақты күні жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.