Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті/фото: shutterstock

Ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды «Жалын» журналының редакторы Құдияр Біләл жеткізді.

«Суыт хабар. Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды», – деп жазды ол.

Айта кетейік, 2021 жылы Мұхтар Шахановтың ұлы Рауан Шаханов өмірден өтті.

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Түркістан облысы Отырар ауданында туған.

Ол 1989 жылы КСРО Жоғарғы кеңесінің, ал 1991 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

1992 жылы Олжас Сүлейменовпен бірлесіп, «Халық конгресі» партиясын құрды.

Ал1993-2003 жылдары Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.

1994 жылы Шахановқа Қырғыз халық ақыны атағы берілді. 1996 жылы Қазақстан Республикасының халық жазушысы атанды.

Сондай-ақ оқыңыз