
Соңғы күндері ақпараттық алаңда ел аузында жүрген Мөлдір Мұқанова, продюссер Гүлзира Айдарбекова және әнші Бейбітгүл Нұрымхожина жаңа подкаст бастады. Ол «Шәйдің қыздары» деп аталады.
Подкаста үш ханым тұрақты жүргізушілер, әр бағдарлама сайын жаңа тұлғаны қонаққа шақырады. Бірінші эпизодтың қонағы – жүргізуші Мұхит Сапарбаев. Бір сағаттан аса созылған бағдарламада олар өнер жолы, отбасындағы қарым-қатынас, ана мен баланың байланысы тәрізді тақырыптарды талқылайды.
Бұған дейін Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде айырылысып кеткенін айтқан. Сол подкастта «Шәй в большом городе» атты жаңа фильмін де таныстырды.
4 қарашада оған лотерея ойнатқаны үшін 600 000 теңгеге жуық айыппұл салынды