Жаңалықтар

Қырғызстанда ректорларды сайлау алдындағы үгіт-насихатқа араласпауға шақырды

Қырғызстанда ректорларға бейтараптық пен заңдылық қағидаттары қатаң сақталуы тиіс екенін ескертілді / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қырғызстанда ректорларға бейтараптық пен заңдылық қағидаттары қатаң сақталуы тиіс екенін ескертілді / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қырғызстанда ректорларды сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына араласпауға шақырды.

24 kg ақпаратына қарағанда, Ош облысындағы президенттің уәкілетті өкілі Эльчибек Джантаев жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізіп, сайлау кезеңінде бейтараптықты сақтау қажеттігін ескертті.

Эльчибек Джантаев білім беру мекемелерінде бейтараптық пен заңдылық қағидаттары қатаң сақталуы тиіс екенін атап өтті. Ол мемлекеттік қызметшілер, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері үгіт-насихат процестеріне қатыспауы және қызметтік жағдайын жекелеген кандидаттардың мүддесіне пайдаланбауы керектігін айтты.

«Оқу орындары – саясаттан тыс болуы керек. Университет қабырғалары үгіт алаңына айналмауы тиіс», – деді уәкіл.

Сондай-ақ студенттерге қысым көрсету, оларды саяси іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеу немесе жоғары оқу орындарының ресурстарын сайлауалды кампаниялардың мүддесіне пайдалану фактілері заң бұзушылық ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

Мұның алдында Садыр Жапаров Қырғызстанда кезектен тыс парламент сайлауы өтетін күнді белгілеген еді.