«Қайрат» Сан-Сирода «Интер» қақпасына гол соқты, бірақ жеңіліп қалды

6 қарашаға қараған түні «Қайрат» Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында жергілікті «Интер» командасымен кездесті. Тартысты матч 1:2 есебімен аяқталды.
«Интер» бірінші таймның 44-минутында есеп ашқан. Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаға Лаутаро Мартинес гол соққан. Алайда екінші таймның басында-ақ «Қайрат» сапындағы Офри Арад есепті теңестірді.
Матчтың 56-минутында «Сан-Сиродағы» таблода тең есеп тұрды. Дегенмен алаң иелері тағы бір гол соғып, алға шықты. Бұл жолы Карлос Аугусто мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 2:1. «Интер» бар болғаны бір гол айырмашылығымен алматылық клубтан басым түсті.
Чемпиондар Лигасының топтағы бәсекелеріне алғаш рет қатысып жатқан «Қайрат» төрт ойында үш рет жеңіліп, бір мәрте тең түсті.
Матч қарсаңында «Интер» клубы әлеуметтік желіде қазақ тілінде жазған. Сәрсенбіде қақпасын Шерхан Мұртаза қорғаған жастар командасы да Миланда жеңіліп қалған.