Жаңалықтар

Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтон сапар
Фото: Ақорда

6 қарашаға қараған түні Қазақстан президенті Вашингтонға сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

Ақордаеың мәліметінше, бейсенбі күні мемлекет басшысы Құрама Штаттар президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

Тоқаев Вашингтон қазақтар
Фото: Ақорда

Президентті АҚШ-та оқитын қазақ студенттері де қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.

Трамп 6 қарашада Орталық Азия елдерінің басшыларымен келіссөз жүргізетіні қазанның аяғында мәлім болған. Атап айтқанда, 26 қазанда Тоқаев Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдаған.