Тоқаев Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен кездесті

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Токаев Рубио
Тоқаев Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен кездесті / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға ресми сапары барысында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен, сауда министрі Ховард Латникпен және АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серхио Гормен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақорда ақпаратына сүйенсек, тараптар Қазақстан-Америка ынтымақтастығының негізгі бағыттары мен күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.

«Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға орайлы мүмкіндік туғанын атап өтті», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Тоқаев Қазақстан АҚШ-пен түрлі деңгейдегі саяси байланысты қолдайтынын және көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған диалогқа дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз