Смағұлов пен Құлыбаев жылжымайтын мүліктен екі жыл қатарынан көп табыс тапты

Forbes журналы елдегі ең ірі жылжымайтын мүлік иелерінің рейтингісін жариялады. Нұрлан Смағұлов биыл да Қазақстандағы ең ірі жылжымайтын мүлік иесі атанды. Тимур Құлыбаев, Серік Төлбасы, Болат Өтемұратов та өткен жылғы позициясын ұстап қалып, сауда орталықтарынан тапқан табысын еселей түсті.
Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша ең ірі 20 рантьенің иелігінде 71 коммерциялық жылжымайтын мүлік нысаны бар. Оның 38-і бизнес-орталық (жалпы санының 53,5%-ы), ал 33-і сауда және ойын-сауық орталықтары (46,5%).
Нысандардың басым бөлігі Алматыда орналасқан – 46 ғимарат немесе 64,8%, Астанада –23 (32,4%), Шымкентте –2 нысан (2,82%).
Қазақстан рантье рейтингi
Нұрлан Смағұлов

Жобамен түсетін табысы: 60,68 млрд теңге
Девелопер / құрылысшы / басқарушы компания: «Mega Center Management» АҚ
Нысандар:
- Астана: MEGA Silk Way СОО
- Алматы: MEGA Alma-Ata және MEGA Park СОО
Жалпы коммерциялық аумағы: 221 мың ш.м.
Нұрлан Смағұлов Forbes Kazakhstan-ның ең бай 75 кәсіпкері рейтингінде 8-орында тұр. Ол MEGA сауда ойын-сауық орталықтары желісіне иелік етеді. Бұл желі Алматыда MEGA Alma-Ata және MEGA Park, Астанада MEGA Silk Way орталықтарымен ұсынылған. Барлық нысандардың жиынтық жалпы ауданы — 424 мың ш.м.
Тимур Құлыбаев

Болжамды табысы: 33,45 млрд теңге
Нысандар:
Астана:
- St. Regis және «Вега» бизнес-орталықтары,
- TRC KeruenCity, Keruen, Talan Gallery,
- Emerald Tower, ҚМГ, МБЦ, «Лукойл», Marden бизнес-орталықтарындағы үлестер.
Алматы:
– Sputnik Mall, Moskva СОО, Promenade бизнес-паркі,
– Абылай хан 77, Чайковский 95, Назарбаев 130 мекенжайындағы БО-лар,
– Baykonyr БО,
– Forum Almaty, Globus, «Пассаж», Car City, «Аэровокзал» СОО-ларындағы үлестер,
– «Глобус», «Стандарт», Almaty Towers (SmArt.Point Almaty), Азербаев 67 БО-лар.
Шымкент:
– «Қайнар» бизнес-орталығы
Жалпы коммерциялық аумағы: 295,7 мың ш.м.
Тимур Құлыбаев (Forbes Kazakhstan-ның ең бай 75 кәсіпкері рейтингінде №4) жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге «Mercury Properties» ЖШС-ның иелері. Бұл компания — Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлік сегментіндегі ең ірі холдингтердің бірі. Сауда, бизнес орталықтарын, қонақ үйлер мен қоймаларды басқарады. Холдингтің жалпы портфелі — алты қалада 1 042 мың ш.м.
Компания портфеліне сонымен қатар Ақтаудағы («Звезда Ақтау» бизнес орталығы), Атыраудағы («Caspiy» бизнес орталығы мен «Baizaar Mall» сауда орталығы) және Ақтөбедегі («KeruenCity Aktobe» сауда орталығы мен The St. Regis Astana және Holiday Inn Almaty қонақүйлері) активтері кіреді.
Серік Төлбасы

Болжамды табысы: 29 млрд теңге
Нысандар:
- Астана: «Евразия» сауда орталығы
- Алматы: Dostyk Plaza СОО
- Шымкент: Shymkent Plaza СОО
Жалпы коммерциялық аумағы: 121,4 мың ш.м.

Серік Төлбасы (Forbes Kazakhstan-ның ең бай 75 кәсіпкері рейтингінде 46-орында) Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent Plaza сауда ойын-сауық орталықтарының иесі. Бұл нысандардың жиынтық жалпы ауданы — 182,6 мың ш.м.
Dostyk Plaza-ның ресми сайтының мәліметі бойынша, 2024 жылы орталыққа 12,6 млн адам келген, ал тауар айналымы 280 млн долларды құраған.
Болат Өтемұратов

Болжамды табысы: 15,7 млрд теңге
Нысандар:
– Астана: Talan Towers бизнес-орталығы
– Алматы: Park View Office Tower, Prime Business Park, Pine Office Park бизнес-орталықтары
Жалпы коммерциялық аумағы: 59,1 мың ш.м.
Болат Өтемұратов (Forbes Kazakhstan-ның ең бай 75 кәсіпкері рейтингінде 6орынға жайғасқан) — астаналық Talan Towers және Алматыдағы Park View Office Tower, Prime Business Park, Pine Office Park бизнес-орталықтарын басқаратын Global Development компаниясының иесі.
Мұқашевтер отбасы
Болжамды табысы: 11,11 млрд теңге
Нысандар:
– Алматы: Aport Mall West және Aport Mall East сауда ойын-сауық орталықтары
Жалпы коммерциялық аумағы: 202,5 мың ш.м.
Мұқашевтер отбасы (Forbes Kazakhstan-ның ең бай 75 кәсіпкері рейтингінде 32-орында) — Eurasia RED компаниясының иелері. Компания портфеліне жалпы ауданы 330 мың ш.м.-ден асатын екі ірі СОО: Aport Mall West және Aport Mall East кіреді.

2024 жылы топ-5 тізімді түйіндеп тұрған Александр Белович бір сатыға төмендеп, 6-орынға жайғасты. Айта кетейік ұлы Павел Беловичпен бірге Bazis-A құрылыс корпорациясының иелік етеді. Оның Астана мен Алматыдағы бизнес орталықтарынан түсетін табысы шамамен 11,1 млрд теңгеге жетіп отыр.
Биыл Қазақстанның рантье рейтингіне 20 адам енді. Рейтингке жаңадан қосылғандар: Сандуғаш Кемелбаева, Сағиятолла Сәрсенов, Арманжан Байтасов, сондай-ақ бұрынғы қатысушылардың бірі Қайрат Боранбаев қайта оралды.