
Ақмола және Павлодар облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар маңызды автожол жабылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазавтожол ақпаратына сүйенсек, 2025 жылғы 07 қарашада қарлы боран соғып, жол айқын көрінбегендіктен республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Ақмола облысы:
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі, яғни Астана қаласынан Павлодар облысына дейінгі жол жабық.
Павлодар облысы:
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі, яғни Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі жол жабылады.
Айта кетейік, жол ертең, яғни 08 қараша таңғы сағат 08:00-де ашылуы тиіс.
Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, білуге болады.