
«Қайрат» футбол клубының және Қазақстан футбол құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен Қазақстан бокс құрамасының мүшесі, екі дүркін Әлем чемпионы Аида Әбікеева «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Тиісті құжат Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында жария болды. Әбікеева мен Сәтпаев «Спорт» номинация бойынша үздік атанған. Бұдан бөлек, мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылғандар арасында белгілі әнші Еңлік және виоленчелист Бағжан Октябрь бар.
Мемлекеттік сыйлық жалпы «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Спорт», «Театр және кино» , «Эстрада», «Журналистика», «Халық шығармашылығы», «Қоғамдық қызмет», «Әдебиет», «Классикалық музыка» номинациялары бойынша беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаевтың Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанғанын жазған едік.