Үйден күштеп шығару ісі: Марат Әйтенов пен Дана Әтешова келісімге келді

Марат Әйтенов бұрынғы әйелі Дана Әтешовамен медиативті келісімге келді.
Айта кетейік, Марат Әйтенов – Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы.
2024 жылы Марат Әйтенов пен Дана Әтешова арасында дау туған. Әйтенов бұрынғы әйелін үйден көшіру кезінде қол көтерген. Содан кейін екеуіне де бір-біріне «дене жарақатын келтірді» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.
2025 жылдың қарашасында Дана Әтешова әлеуметтік желіде видео жариялап, бұрынғы күйеуімен сотта келісімге келгенін жазды.
«Сотта мүлікке қатысты медиативті келісім бекітілді. Қос тараптың да шешімге реніші жоқ. Алимент бойынша келісімге келген жоқпыз», – деп жазды әйел.
Марат Әйтенов Қазақстанның даму банкі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Самұрық-Қазына» қорында жұмыс істеген. Әтешова екеуі 9 жыл бірге тұрған.