
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда қосымша бір күн демалады. Биыл 16 желтоқсан сейсенбіге түсіп тұр.
Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер желтоқсанда 9 күн демалып, 22 күн жұмысқа барады. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады.
Айта кетейік, Тәуелсіздік күні елде мемлекеттік мереке ретінде тойланады.
Желтоқсандағы кәсіби мерекелер
Желтоқсанда бірнеше кәсіби мереке бар. Бұл күндері демалыс берілмейді. Олар:
5 желтоқсан – адвокатура күні
6 желтоқсан – прокуратура күні
20 желтоқсан – Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні
Желтоқсанның үшінші жексенбісі (21 желтоқсан) – Энергетиктер күні
22 желтоқсан – архив қызметкерлері күні.
`Тәуелсіздік күнінің тарихы
1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, құрамында болған елдер өз алдына жеке мемлекет болып шықты. Ішінде Қазақстан да бар. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдады. Сол сәттен Қазақстанның тәуелсіздік тарихы басталды.
Ел тәуелсіздігін ресми түрде алғаш болып Америка Құрама Штаттары мойындады. Артынша Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды. Бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашқан ел – Түркия.